АТЫРАУДА КАРАНТИН КҮШЕЙТІЛДІ

whatsapp image 2020 08 17 at 22.33.23 1 1024x682 1 920x425 1 Жаңалықтар

Атырау қаласының бас мемлекеттік сандәрігері Қанат Ғайнеденов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.


«Сауда үйлері мен СОО (павильондар, бутиктер), сауда желілері – «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары сағат 22.00-ге дейін (толтырылуы 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес есеппен объектінің сыйымдылығының 30%-ынан аспайды) жұмыс істеуге рұқсат етіледі, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.


«Ashyq» жобасына қатысатын азық-түлік сататын жабық базарлардың және азық-түліктік емес жабық және азық-түліктік емес ашық базарлардың​ жұмыс кестесі – күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаумен жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады.


Азық-түлік сататын ашық базарлардың жұмыс кестесі – күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаумен жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады.


«Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілеріне, фудкорттарға, соның ішінде жазғы алаңқайларға, асханаларға – ​ тек жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына 22.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын, бір үстелде 4 адамнан артық отырғызбауды қамтамасыз етіп) жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады (тамақты жеткізу және алып шығу бойынша жұмысқа 24.00-ге дейін рұқсат етіледі).

«Ashyq» жобасына қатысатын косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін сұлулық салондары, шаштараздар, «барбер шоптар», объектілерге жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден сағат 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына 22.00-ге дейін (объектінің толтырылуын 50%-дан асырмау кезінде) жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салынады.

«Ashyq» жобасына қатысатын спорт кешендері, фитнес орталықтары, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері, спорттық және тренажер залдарына тек жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден сағат 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына 22.00-ге дейін (толтырылуын 1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес есеппен объектінің сыйымдылығының 50%-ынан асырмау кезінде) жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады» делінген Қаулыда.

Жаңа Қаулы 2 тамыздан бастап күшіне енеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз