ЖаңалықтарCOVID-19: Соңғы поштадан...

ШҰҒЫЛ: Эпидемиологиялық ахуалға орай ЖАҢА ҚАУЛЫ шықты

Қазақстан Республикасының
мемлекеттік шекарасындағы өткізу
пункттерінде коронавирус
инфекциясы ауруының алдын алу
жөніндегі шараларды одан әрі
күшейту туралы…

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус
инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында,
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан
Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 38-бабы 1-
тармағының 7) тармақшасына, 104-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының
    әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, Орталық
    мемлекеттік органдар, көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық
    бақылау департаменті:
    1) Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін
    адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз
    етсін:
    оларды ертіп жүретін адамдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік
    шекарасын кесіп өткен кезде 72 сағаттан ерте емес уақытта алынған ПТР
    әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі бар анықтама (қазақ немесе орыс
    немесе ағылшын тілінде) (бұдан әрі – Анықтама) болған жағдайда 5 жасқа
    дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын;
    авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, барлық келген адамдар COVID-19-
    ға қарсы вакцинацияның толық курсының болуына қарамастан, Анықтама
    ұсынуға міндетті.
    Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар
    экипаждарын қоспағанда, шетелден Қазақстан Республикасына халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары осы
    қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
    Халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан
    шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады;
    2) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
    шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігімен және
    автоөтпе жолдарымен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай
    тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:
    оларды ертіп жүретін адамдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік
    шекарасын кесіп өткен кезде 72 сағаттан ерте емес уақытта алынған ПТР
    әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі бар анықтама (қазақ немесе орыс
    немесе ағылшын тілінде) (бұдан әрі – Анықтама) болған жағдайда 5 жасқа
    дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын;
    авиакомпаниялар экипаждарын, локомотив бригадаларының мүшелерін;
    теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты
    адамдарды қоспағанда, барлық келген адамдар COVID-19-ға қарсы
    вакцинацияның толық курсының болуына қарамастан, Қазақстан
    Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде Анықтама ұсынуға
    міндетті;
    Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив
    бригадаларының мүшелерін; теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен
    байланысты адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына Қазақстан
    Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен
    теміржол, теңіз, өзен көлігімен және автоөтпе жолдарымен келетін адамдарға
    қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
  2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының
    әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:
    1) шетелден Анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының
    азаматтарын карантиндік стационарға дейін тасымалдауды;
    2) келген адамдарды ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-
    қарау нәтижелері алынған күні карантиндік стационардан шығаруды
    қамтамасыз етсін.
  3. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі
    санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, аумақтық
    департаменттері, мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық
    бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы
    автомобиль өткізу пункттерінде:
    1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық
    өткізу пункттерінен шетелден келетін барлық адамдарға міндетті түрде
    термометрия жүргізе отырып, санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;
    2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат
    ішінде деректерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
    Веб-қосымшасына бере отырып, оларды сауалнамаларды тану жүйесімен
    өңдеуді;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу
пункттеріндегі санитариялық-карантиндік пункттердің мамандарын тәулік
бойғы жұмыс режимін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарымен және
дезинфекциялау құралдарымен жарақтандыруды;
4) көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушылар мен жолаушылар
арасында COVID-19-дың профилактикасы және таралуының алдын алу
бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
5) COVID-19 таралуының алдын алу бойынша көрнекі үгіт
құралдарын орналастыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ COVID-19-дың
профилактикасы мәселелері бойынша дауыс зорайтқыш байланысы арқылы
жолаушыларды ақпараттандыруды;
6) шетелден келетін барлық азаматтарға COVID-19-дың әкеліну және
әлемде таралу қаупі жағдайларында оның профилактикасы мәселелері бойынша
жадынамалар таратуды;
7) COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша бұқаралық
ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халық арасында санитариялық-ағарту
жұмысын жүргізуді;
8) Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне
COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша нұсқама жүргізуді
қамтамасыз етсін.

  1. Сыртқы істер, ақпарат және қоғамдық даму, индустрия және
    инфрақұрылымдық даму министрліктері ҚР аумағына кіретін адамдарға
    электрондық сауалнамадан өту қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру
    жұмысын жүргізсін.
  2. Индустрия және инфрақұрылымдық даму, цифрлық даму,
    инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері, облыстардың,
    Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктері
    Мемлекеттік шекарадағы әуежайлар мен өткізу пункттерінде техникалық
    жарақтандыруды, сүйемелдеуді және үшінші буыннан төмен емес мобильді
    деректер (3G) барынша аз берілетін, интернетке қолжетімділікті қамтамасыз
    етсін.
  3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан
    Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді осы
    қаулымен таныстырсын.
  4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
    «Қазақстан Республикасының туроператорлар қауымдастығы» заңды
    тұлғалар бірлестігімен бірлесіп:
    1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде демалысын
    ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасына COVID-19-дың әкелінуінің
    алдын алу жөнінде қосымша шаралар қабылдасын;
    2) Қазақстан Республикасына шетелден келетін адамдарға қойылатын
    талаптардың өзгергені туралы туроператорларды хабардар етсін.
  5. Авиакомпаниялар басшылары:
    1) оларды ертіп жүретін адамдарда Анықтама болған жағдайда 5 жасқа
    дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын;
    авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның
    толық курсының болуына қарамастан, Анықтама ұсынбаған жолаушыларды әуе
    кемесінің бортына отырғызуға жібермеуді;
    2) ұшу кезінде жолаушылар мен экипажға сауалнама жүргізуді, оның
    ішінде толық толтырылғанын тексеруді, толық толтырылмаған жағдайларда
    қосымша сауалнама жүргізуді;
    3) толтырылған сауалнамаларды, манифестті және әуе кемесінің бас
    декларациясын ұшып келетін әуежайдағы санитариялық-карантиндік пункттің
    маманына тез арада беруді;
    4) тіркеуден өту, әуе кемесіне отырғызу және одан түсіру кезінде
    жолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) және маска
    режимін сақтауды;
    5) әуе кемесінің бортында жеке қорғаныш құралдарының (маскалар,
    қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының
    болуын;
    6) ұшу кезінде әуе кемесінің салонында жолаушылардың қозғалысын,
    сондай-ақ дәретхананың жанында жиналуын шектеуді;
    7) уақтылы ауыстыру шартымен (әр 2 сағат сайын), жеке қорғаныш
    құралдары (медициналық маскалар, қолғаптар) бар болған жағдайда, сондай-ақ
    вакцинация паспорты немесе (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар
    немесе COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдарды соңғы
    3 айда қоспағанда)
    вакцинацияланбаған қызметкерлерде міндетті ПТР тестілеу (7 күнде 1 рет)
    болған жағдайда қызметкерлерді жұмысқа жіберуді; 8) дене температурасын өлшей отырып, қызметкерлерді ауысым
  6. алдындағы (ұшу алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өткізуді;
  7. 9) тұрақты халықаралық әуе қатынастарын қалпына келтіру алдында әуе
  8. кемелеріндегі ауа баптау, желдету жүйелеріне ревизия жүргізуді және сүзгілерді
  9. ауыстыруды қамтамасыз етсін.
  1. Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
    департаментінің басшысы:
    1) ұшып келу аймағында халықаралық жолаушылар авиарейстерімен
    келетін барлық адамдарға байланыссыз термометрия жүргізуді;
    2) дене температурасы жоғары адамдар немесе ауру симптомдары (жөтел,
    ентігу, тыныс алудың қиындауы) бар адамдар анықталған жағдайда ықтимал
    жұқтыруға жол бермеу бойынша шараларды сақтай отырып, жолаушыны
    әуежай изоляторына жіберуді;
    3) рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде деректерді Қазақстан
    Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына бере
    отырып, оларды сауалнамаларды тану жүйесімен өңдеуді;
    4) Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық
    департаменттеріне Анықтамасыз халықаралық авиарейстермен келген
    жолаушылар жөнінде ақпарат жіберуді қамтамасыз етсін.
  2. «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу
    құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны:
    1) шетелден Анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының
    азаматтарын ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауды;
    2) 2 тәуліктен аспайтын мерзімде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық
    зерттеп-қарау нәтижесін беруді қамтамасыз етсін.
  3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент
    қалаларының халықаралық әуежайларының басшылары:
    1) әрбір рейстен кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық
    дезинфекциялауды;
    2) тіркеуден өту, әуе кемесіне отырғызу және одан түсіру кезінде
    жолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) және маска
    режимін сақтауды;
    3) тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және
    отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын
    ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;
    4) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
    2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына сәйкес әуежайлар жұмысының
    алгоритмін сақтауды қамтамасыз етсін.
  4. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық
    дәрігерінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу
    пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі
    шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 және
    «Коронавирустық инфекцияның «омикрон» штамының Қазақстан
    Республикасына әкелінуінің алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы»
    2021 жылғы 30 қарашадағы № 51 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  6. Осы қаулы 2022 жылғы 17 қаңтар сағат 00-де күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері Е. Қиясов

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button