Атырауда 7 сынып оқушысы тамшылата суару қондырғысын ойлап тапты!

1540440818 l Жаңалықтар

АТЫРАУЛЫҚ ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШ ТАМШЫЛАТА СУАРУ ҚОНДЫРҒЫСЫН ОЙЛАП ТАПТЫ.

«Қондырғы суды және минералды тыңайтқыштарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Тамшылата суару қондырғысын ойлап тапқан жас талант – Индер ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы​ орта мектебінің 7 сынып оқушысы Қажымұқан Мұқатов» ​деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

«Менің ойлап тапқан әдісім – суару кезінде суды, тыңайтқыштарды үнемдеуге қолайлы.


Тамшылата​ суару, сондай-ақ ағыстық суару​ кезінде қондырғы судың өсімдік тамырына  тікелей баруына мүмкіндік жасайды.

Мұндай үнем қондырғы  қақпақшаларының торы,​ құбырлар, түтіктер көмегімен суды баяу тамшылату нәтижесінде мүмкін болып отыр. 

Тамшылатып суару әдісі –  суды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды тамырға  тікелей әрі біркелкі жеткізу үшін қолданылатын өндірістік әдіс», – дейді өнертапқыш оқушы Қажымұқан Мұқатов.

Өнертапқыш оқушы Индер аудандық білім бөлімі оқушылар шығармашылық орталығының «Шебер» үйірмесіне 2017 жылдан бері қатысып келеді.​ Үйірме жетекшісі Өтепқали Нәсіпқалидың айтуынша, Қажымұқан өте аңғарымпаз бала.

​«Біздің үйірмеміз оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында құрылған болатын. Міне, соның нәтижесінде талантты балалар өз қабілеттерін шыңдауда. Қажымұқан өте сабырлы, аңғарымпаз бала.​ Аудандық, облыстық сайыстарда бақ сынап, түрлі жүлдеге ие болып жүр», – дейді үйірме жетекшісі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз