Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда итті қорлап, өлтірді

Атырау облысында итті қорлап, өлтірген сұмдық оқиға орын алды. Бейнежазбада көрсетілгендей, бір адам иттің үстіне от тұтатып, оны тірілей өртей бастайды. Бұл өрескел жауыздықтары аздай, екіншісі жануарды таяқпен ұрғылап, сабап өлтірді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше, 19 маусым күні сағат 23:30 шамасында Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылына жақын жерде орын алған. Жануарды қатыгездікпен өлтірген 2003, 2007 жылы туған күдіктілер анықталып, ұсталды.

–Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, – дейді аталған департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Сурет: sobakovod.club

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button