Бағдарлама – партия бақылауында

кызылкога Жаңалықтар

Қызылқоға аудандық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Онда «Жұмыспен қамту  жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың игерілу жайы туралы айтылды.

%d0%ba%d1%8b%d0%b7%d1%8b%d0%bb%d0%ba%d0%be%d0%b3%d0%b0

Аталған бағдарлама аясында биыл инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша 49 жұмыссызды уақытша жұмысқа орналастыру жоспарланған. Сондай-ақ, облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының баспасөз хатшысы Эльмира Тұнғатарова хабарлағандай, ауданда жыл басынан бері «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 51 адамға 126 млн. теңге шағын несие берілген.

Фракция отырысында мемлекеттік, өңірлік бағдарламаларға бөлінген қаражаттың мерзімінде иегерілуін қамтамасыз ету, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын одан әрі сапалы жүзеге асыру, жұмыссыздықтың деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықты жұмыспен қамту жөнінде шешімдер қабылданды.

Мәлике Мәлік

Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз