Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда Ядролық физика институтының филиалы ашылады

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат ғылым және ғылыми-зерттеу қызметі саласында ынтымақтастық орнатып, бірлескен зерттеулер жүргізуді қамтиды. Сонымен қатар Ядролық физика институтының филиалын ашу жоспарлануда.
–Атырау аймағы үшін өзекті проблеманың бірі – экологиялық ахуал. Ал экологияның бұзылуы адам денсаулығына теріс әсер етеді. Тараптар алдағы уақытта осы мәселеге жете мән беріп, радиоэкологиялық зерттеулер, ядролық және радиациялық технологиялар саласында бірлескен жобаларды қолға алуға келісті, — деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
Еліміздің мұнай-газ кешеніне маман даярлайтын оқу орны отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдарымен байланыс аясын кеңейтіп, жүйелі жұмыстарды қолға алуда.
Қазақстандағы атом өнеркәсібі саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер мен кадр даярлау ісіндегі бірегей орталық – Ядролық физика институтымен өзара ынтымақтастық негізінде ғылыми-техникалық ақпарат пен тәжірибе алмасып, тың идеялар мен инновациялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button