ҚҰРМЕТТІ АТЫРАУЛЫҚТАР

Сіздерді Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын!

 

Тәуелсіз мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан демократиялық даму жолына түсті.

 24 жылдың ішінде әлемдегі алпауыт елдер Қазақстанмен экономикалық-достық қарым-қатынас орнатып, сауда-саттық саласында стратегиялық әріптестерге айналды.

Дүниежүзілік қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдардың мінбелерінде маңызды мәселелерді Елбасымыз  мемлекеттік тілімізде айтып, ұтымды ұсыныстарын жаһанға жариялауда.

Біз ширек ғасырға жуық аралықта Тәуелсіз Қазақстаннан – Қуатты Қазақстанға айнала бастадық. Бұған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы      Назарбаевтың «алдымен экономика, содан соң саясат» деген салиқалы сөзі себеп болды.

Еліміз – әлемдегі саяси шиеленістер мен экономикалық дағдарыстарға қарсы ұсыныс-тар айтып, Еуразиялық Экономикалық Одақ құру идеясын іске асыра білген бастамашыл мемлекет.

Қазақстан халқы  биыл  Жеңістің 70 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен  Ата Заңымыздың 20 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығын ұйымшылдықпен атқарды.

Құрметті жерлестер!

Ұлы Даламызды мекен еткен азат халқымыздың арманы асқақ, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ұрпағымыз ғұмырлы болсын. Шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық тілеймін!

Б.ІЗМҰХАМБЕТОВ,

Атырау облысының әкімі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз