Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда халықаралық стандартқа сай құрылыс материалдары өндірілетін болады

Atr.kz/25 желтоқсан, 2019 жыл.  Атырауда «DUSCAFF»  компаниясының  өндірістік филиалы  ашылды, — деп хабарлайды Атырау облысының  Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Аталған компания құрылыс ағаштарын өндіру мен жеткізуде әлемдік нарықта көшбасшы брендтердің бірі.  2003 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан аталмыш компанияның өнімдері – британдық, америкалық және еуропалық стандарттарға сай.  
Өндірістің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Айбек Крамбаев арнайы қатысып, компанияның өңірде атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі.
— Халықаралық компаниялармен ынтымақтастықты күшейту — бізге жергілікті өндірісті дамытуға көмектеседі. Компания өнімдерінің халықаралық стандарттарға сай болуы да осы бағытта септігін тигізбек, — деді  Айбек Крамбаев.
Айта кетейік, компания өкілдері келешекте аталған салада жергілікті мамандарды дайындауды жоспарлап отыр.

whatsapp image 2019 12 25 at 09.29.32 1
whatsapp image 2019 12 25 at 09.29.32
whatsapp image 2019 12 25 at 09.29.33 1
whatsapp image 2019 12 25 at 09.29.33 2

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button