Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Халық заңгері» науқаны өтеді

        Atr.kz/14 қараша, 2019 жыл.      22 қараша күні сағат 16:00-де Қазақстанның барлық қалаларында «Халық заңгері» атты жалпыұлттық науқан  басталатынын хабарлаймыз.

            Біздің мақсатымыз осы науқан арқылы — халықтың құқықтық сауатын арттыру. Шара барысында кез келген азаматтың заңгерлік қоғамдастықтың үздік өкілдерінен қажетті кеңесті алуына мүмкіндік бар. Олардың қатарында танымал заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімдерінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. қатысады.

            Науқанды ұйымдастырушылар — zakon.kz интернет-басылымы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және «Параграф» ақпараттық жүйесі. Сонымен қатар, бұл науқанды Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдады.

            Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» науқаны қарапайым қазақстандықтар үшін дәстүрлі және пайдалы жобаға айналды.

            Аталған  науқан Атырау қаласындағы Құлманов көшесі, «БАЙЗАР» ОСО-ның 2 қабатында өткізіледі.         

            Бүгінгі таңда, ауқымы мен географиялық көлемі  жағынан «Халық заңгері» науқанының тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде де теңдесі жоқ.

Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button