Atr.kz/19 қазан, 2020 жыл. Қазақстанда өткен тәулікте 102 адамда коронавирус індеті тест арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
«Коронавирус инфекциясын ең көп жұқтыру жағдайы Нұр-Сұлтан қаласы (17) мен Шығыс Қазақстан (15) және Павлодар облысында (11) анықталды», – делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 17
- Алматы қаласы – 10
- Шымкент қаласы – 2
- Ақмола облысы – 5
- Ақтөбе облысы – 1
- Алматы облысы – 4
- Атырау облысы – 8
- Шығыс Қазақстан облысы – 15
- Батыс Қазақстан облысы – 6
- Қарағанды облысы – 9
- Қостанай облысы – 4
- Маңғыстау облысы – 1
- Павлодар облысы – 11
- Солтүстік Қазақстан облысы – 9.