Атырауда газет неге кешігетіні белгілі болды
Халықтың көзі де, құлағы да, тілі де газет екенін өткен ғасыр басында көрнекті демократ, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы айтты, 1913 жылы айтылған осы сөзді қазір басты ұран қып жүргеніміз рас. Өйткені, бүтін бір дәуір алмасса да маңызын еш жойған емес. Дегенмен…
Жаһандану кезеңінде төгілген маңдай тер, мазмұнды ақпаратпен қатар, оның оқырмандарға уақытылы жетуі де аса маңызды. Бүгінде қазақстандық басылымдардың, әсіресе, газет-журналдардың сенері де, сүйенері де – «Қазпошта» акционерлік қоғамы. Біз осы мекеменің қызметін өзімізше сарапқа салып көргенбіз.
Редакцияға тек өткен аптада ғана келіп түскен шағымдарға қарағанда, газет оқырмандарға дер кезінде жеткізілмейтіні, кейде бірнеше номерін жинап апаратын жағдайлар да болады екен. Осыдан азғана уақыт бұрын «Қазпошт а» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев жаңадан енгізілген даму стратегиясының сандық және ұйымдастырушылық тұрғыда трансформациялауды көздейтінін баса айтқан еді. Алайда, пошталық жөнелтілім мен тасымалдауға келгенде, «Қазпоштаның» Атыраудағы филиалының сервисі әлі де болса жөнге қойылмаған секілді.
Оқырман айтады…
Мәселен, қаладағы Алтай көшесінің №7 үйінде тұратын Темірхан Жүнісов есімді ағамыз газеттің екі саны бір мезгілде келетініне ренішті. Осыған ұқсас жағдайлар Мырзағали Қазірет көшесі №123 үйде тұратын Базарбай Қаржауов, Құрманғазы ауданындағы Бірлік ауылы, Бекбаев көшесі №34 үйдің тұрғыны Бауыржан Ақпанов секілді газетіміздің тұрақты оқырмандарында жиі ұшырасады. Басқасын айтпағанда, редакцияның өз қызметкерлері тұратын мекенжайға да басылым кешігіп жетеді. Қысқасы, мәселе белең алып бара жатқанын ашық айтқан жөн. Сөзіміз жалаң болмас үшін Құрманғазы ауданындағы Бірлік ауылының бұрынғы әкімі Бауыржан Ақпановтың пікірін келтірейік.
– Атырау облысындағы «Қазпошта» қызметіне түбегейлі өзгерістер қажет. Ауылдағы поштаның қызметі тоқтап тұрған жоқ. Бірақ, бізге облыс пен ауданнан мерзімді басылым кідіріп келеді. Осыған аса мән берілуі керек. Мысалы, аудандық «Серпер» газеті де, облыстық «Атырау» газеті де маған бір аптадай кешігіп келеді. Соның кесірінен ақпараттан қалыс қалып отырмыз, — дейді тұрақты оқырманымыз.
Себеп пен салдар
Газет неге кешігіп келеді? Алдағы уақытта тасымалдау қызметін жеделдету үшін қандай шаралар қолдану керек? Тұтынушыларға сапалы сервис ұсынуға бағытталған жаңа жобалар бар ма? О с ы с ауа л д а р ғ а ж ауап таппақ болып, «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Асқар Бисеновпен жолығып, мән-жай сұрастық. Оның айтуынша, нарықтық жүйеге көшуге байланысты ауылдық бөлімшелер қаражат жағынан өзін-өзі ақтамайды.
– Қазір Қазақстан бойынша оңтайландыру жүріп жатыр. Оны біз де қарастырамыз. Б о л а ш а қ т а ж ы л ж ы м а л ы пошталық қызметті іске асыру да ойда бар. Шындығында, қазір курьерлердің қызметі біраз жақсарды. Мысалы, бір курьерге өз учаскесіндегі тасымалдау қызметі үшін әр басылымға 22 теңге, ал, әрбір арнайы хатқа 65 теңгеден төленіп отыр. Сонда олардың айлық жалақысы 200 мың теңгеге дейін барады. Кім көп тасымалдаса, сол курьердің табысы да еселене түспек. Сондықтан, жауапкершілікпен қарауға тиіс. Ал, мына мекенжайлардағы газеттің кешігіп жетуі бұрынғы курьерлердің ж ұ м ы с т а н к е т і п , ж а ң а қабылданған қызметкерлердің учаскені жетік білмеуінен болып отыр. Барлық бағыттағы маршруттар жасақталған. Егер оқырманның о сы тәрізде с сұрақтары болса, post.kz сайт ы н а ж ү г і н у ге , м о б и л ь д і қосымшамызды пайдалануына мүмкіндік бар. Әлеуметтік желідегі «Atyrau Kazpost» telegram каналы арқылы да т е г і н қ ы зм е т к ө р с е т е м і з . Ауылдық, аудандық жердегі «Қазпоштаның» қызметіне байланысты мәселелер туындаса, тұтынушылар сол жердегі бөлімшеге хабарласып білуі керек, — дейді Асқар Зәнешұлы.
Қалай десек те, тұтынушыға көрсетілетін қызмет сапасы көңілден шығуға тиіс. Біздің мәселеге шұқшия үңілуіміздің себебі – «түйенің танитыны жапырақ» демекші, оқырман газеттің жетпегеніне редакцияны айыптап жататыны рас. Олай болса, «Қазпошта» АҚ филиалы да өз міндетіне адал болғанын қалаймыз.
Түйін:
Газет оқымаған жұрт өркениетті қоғамның ізімен жүре алмайды. Өйткені, адам ақпараттан бір күн тыс қалса, өзін көштен қалғандай сезінетін заманға тап келдік. Сондықтан, газеттің оқырмандарға уақытылы жеткені біз үшін өте маңызды. Өйткені, газет – қоғамның айнасы. Жақсы мен жаман да, ілгерілеу мен іркілу де басылым бетінде жазылады. Газетті апармағаны үшін біз ешкімге кінә артпаймыз. Алайда, бұқараны құлағы, көзі, тілінен айыру жараспас, сірә!
Алтынбек МЕРСАДЫҚ
Мәселенің шешімі
Аталмыш келеңсіздіктер қайталанса, төмендегі телефондарға хабарласыңыз. «Қазпошта» АҚ Атырау филиалының қызметкерлері тұтынушы тілегін дереу қанағаттандырады:
Атырау қаласы бойынша: +7 775 687 83 89
Махамбет ауданы бойынша: +7 775 666 59 55
Мақат ауданы бойынша: +7 701 678 93 12
Қызылқоға ауданы бойынша: +7 701 668 31 34
Құрманғазы ауданы бойынша: +7 701 450 31 31
Исатай ауданы бойынша: +7 702 595 63 63
Индер ауданы бойынша: +7 778 144 82 51
Жылыой ауданы бойынша: +7 701 833 72 17