Атыраулық фотосуретшілер арасында байқау жарияланды

ANU 0772 Жаңалықтар

Атырауда халықаралық жастар күніне орай, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Туған жерің сүйе алмаған, сүйе алама туған елін» тақырыбында фотосуретшілер байқауы өтеді.

????????????????????????????????????

Атырау облысы мәдениет, архивтер құжаттама басқармасы мен Ш.Сариев атындағы көркемурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға кәсіби және әуесқой фотосуретшілер қатыса алады.

Бұл байқаудың мақсаты – қаламыздың көрікті жерлерін, тарихи және архитектуралық ескерткіштерін, тұрғындардың сүйікті орындарын көрсету, рухани мәдениеттілікті қолдау.

Фотосуреттер күн сайын Ш.Сариев атындағы көркемурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде сағат 10:00-ден 18:00 аралығында 7 тамызға дейін қабылданады. Ал фотосурет көрмесі 10 тамыз күні салтанатты түрде ашылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен мараппаталады.

Байқаудың толық талаптарын музейдің әлеуметтік желідегі парақшаларынан немесе 32-75-43, 35-48-03 байланыс номерлері арқылы білеуге болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз