Жарнама
Жаңалықтар

АТЫРАУДА ГАЗ БАҒАСЫ АРЗАНДАДЫ!

«ҚазТрансГазАймак» АҚ-ның Атырау облысы үшін газдың бағасы 39 %-ға төмендетілді.

2021 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен «ҚазТрансГазАймак» АҚ АтӨФ-ның таратушы құбырлары арқылы газ тасымалдау қызметіне 2022-2027 жылдарға арналған тарифі 1 133,39 теңге/мың м3 дейін төмендетілді. Алдыңғы бесжылдық кезеңмен (2016-2021 жж.) салыстырғанда тариф 36%-ға төмендеді.

Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетімен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ АтӨФ-ның жабдықтау үстемеақысы 916,17 тенге/мың м3 мөлшерінде 43 %-ға төмендетілді.

Осыған байланысты, Атырау облысы тұтынушылары үшін «ҚазТрансГазАймак» АҚ АтӨФ-ы газының түпкілікті бағалары 38,9 %-ға дейін төмендетілді және келесідей мөлшерлерді құрайды (ҚҚС-сыз):

-тұрмыстық тұтынушылар (халық), жылу энергетикалық компаниялар халық үшін жылу энергиясын өндіруге тауарлық газды тұтыну көлемінде – 4 720,33 теңге/мың м3;

-заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіруге тауарлық газды тұтыну көлемдеріндегі жылу энергетикалық компаниялар, электр энергиясын өндіруге тауарлық газды тұтыну көлемдеріндегі жылу энергетикалық компаниялар, өзге де заңды тұлғалар – 11 482,47 теңге / мың м3;

-бюджеттік ұйымдар – 13 344,23 теңге/мың м3;

-тұтынушыларға одан әрі сату мақсатында, сығылған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын заңды тұлғалар – 11 518,56 теңге/мың м3.

Төмендетілген бағалар биылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button