Атырауда ертең – «ашық есік» күні
Аtr.kz/30 мамыр, 2019 жыл. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасына сәйкес Атырау облысында 31 мамыр күні «Ашық есік күні» өтеді.
Тұрғындармен кездесу сағат 17:00-де өңірдің барлық ауыл,аудан,қала әкімдіктерінде, мектеп, балабақша, спорт орталықтарында, аурухана, емханаларда және т.б. әлеуметтік, мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.
Сұрақтарыңыз, өтініштеріңіз, арыз-шағымдарыңыз болса аталған мекемелердің есігі ашық.
Атырау қаласы және облыс аудандары әкімдіктерінің «Ашық есік күні» өтетін орындарын атап өтейік:
— Атырау қаласы әкімдігі:Қ.Смағұлов көшесі,5 ,ДСК(ФОК) Атырау.
— Қызылқоға ауданы әкімдігі:Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залы
— Мақат ауданы әкімдігі: Мақат кенті Х.Санбаев мектебі ғимараты
— Исатай ауданы әкімдігі: “Жалын” мәдениет үйі
— Жылыой ауданы әкімдігі: Аудандық “Кең Жылыой” мәдениет үйінің жанындағы кітапхана
— Махамбет ауданы әкімдігі: Махамбет ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залы
— Құрманғазы ауданы әкімдігі: “Көшекбаев” атындағы мәдениет үйі
— Индер ауданы әкімдігі: Индер ауданы әкімі аппаратының ғимараты
«Ашық есік күні» әр айдың соңғы жұма күнінде тұрақты түрде өңірдің барлық әлеуметтік, мемлекеттік мекемелерінде ұйымдастырылады.