Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда еркін күрестен республикалық турнир өтті

Бүгін Атырау қаласында Ұлы Отан соғысының және Ішкі істер министрлігінің ардагері, милиция полковнигі Қабдыраш Биғамбаевты еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

2fc90c52 9eb8 489e 8bbc 366b3e733182

Турнирдің басты мақсаты – спорт арқылы жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, ел қорғаған батырларымыздың ерлігін дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, бозбалалардың спорттық шеберлігін шыңдап, ел бірлігін нығайтуға өз үлесін қосу.

-Бүгінгі турнир – еліміздің ер азаматтарының ерлігін еске алып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырудың, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рух ұялатудың жарқын үлгісі. Мұндай шаралар жас буынның бойында елжандылық, табандылық пен отансүйгіштік қасиеттерді тәрбиелейді.
Ұлы Жеңіс үшін жанын пида еткен ардагерлерімізге, еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен барлық жауынгерге біз қашан да бас иеміз. Бұл турнир – аға буынның ерлігіне құрмет, ал жас ұрпаққа оның жолын жалғастырудың үлгісі. Осы жарысқа қатысушы барлық спортшыларға сәттілік, адал күрес және жаңа жетістіктер тілеймін,- дейді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.
Айта кетейік, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл турнир биыл он үшінші рет өткізіліп отыр.

– Турнир арқылы біз әкеміз – Қабдыраш Биғамбайұлының есімін ұлықтап қана қоймай, жас ұрпақты ерлікке, табандылық пен қайсарлыққа тәрбиелеуді мақсат етеміз. Жыл сайын турнирге қатысатын өңірлердің саны артып келеді. Бұл – турнирдің маңыздылығы мен беделінің арта түскенін көрсетеді.
Биылғы сайысқа Алматы облысы, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан, сондай-ақ Индер, Жылыой, Мақат секілді аудандардан келген 12 команда қатысып, бозкілемде бақ сынауда. Мұндай ауқымды спорттық шаралар өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, ел бірлігі мен достығын нығайта түседі, – дейді турнирді ұйымдастыруға атсалысқан ардагердің ұлы Мәлік Қабдырашұлы.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button