Атырауда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін цифрлық қызмет көрсету бұрышы ашылды

img 20220304 wa0043 Жаңалықтар

Атырау қаласындағы № 1 ХҚО-да ерекше қажеттіліктері бар адамдар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын цифрлық қызметтер бұрышы ашылды.

Цифрлық бұрыш есту және сөйлеу қабілеті нашар клиенттер үшін толығымен бейімделген компьютерден тұрады. Ол құлаққаппен және арнайы пернетақтамен жабдықталған. Арнайы бағдарлама барлық қажетті ақпаратты құлаққап арқылы хабарлап тұрады.

Мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін цифрлық бұрыш ашу идеясын Атырау ХҚО қызметкерлері Айбек Идаятов пен Айнұр Мұстажапова ұсынды.

«Біз барлық клиент үшін қолайлы жағдай жасаймыз, біздің филиалда ерекше қажеттілігі бар 25 адам еңбек етеді. Олардың ішінде Айнұр Мұстажаповамен бірге Айбек Идаятов та бар. Біз олардың бастамасын қолдап, цифрлық қызмет бұрышын аштық», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау филиалының директоры Мұса Хайруллиев.

Сондай-ақ ол ерекше қажеттіліктері бар адамдар мемлекеттік қызметтерді алуы үшін барлық ХҚО-да арнайы терезелер қызмет ететінін айтты.

Жаңа бұрыш Әбілқайыр хан даңғылы, 66а мекенжайы бойынша №1 ХҚОның бірінші қабатында орналасқан.

«Біздің ұсынысымызды қолдаған және арнайы бұрыш ұйымдастырған басшылыққа алғыс айтқым келеді. Онда әртүрлі мүгедектік топтары бар клиенттер мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. Менің ойымша, бұл бастамасы ғана, ол әрі қарай барлық жерде қолдау тауып, кеңінен таралатынына сенімдімін!» – деді ХҚО маманы Айбек Идаятов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз