Жайық өзені 14 сантиметрге көтерілді

vuuaua Жаңалықтар

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 14 сантиметрге көтеріліп, қазір су деңгейі 387 сантиметрге жетті. Қауіпті деңгей – 550 см.

Индербор кентіндегі гидропостта су 10 сантиметрге көтеріліп, 538 сантиметрді құрады. Мұндағы қауіпті деңгей – 845 см. Махамбеттегі гидробекетте өзен суы 10 сантиметрге көбейіп, су деңгейі 664 сантиметрді көрсетті. Ондағы қауіпті саналатын деңгей – 850 см. Ал Иректі суқоймасынан секундына 408 текше метр су жіберілуде.

Сондай-ақ Қиғаш-Шортанбай гидробекетінде 7 сантиметрге көтеріліп, қазір 187 см болып тұр. Ал Жем өзенінің деңгейі тәулік ішінде 21 сантиметрге төмендеп, 203 сантиметрді көрсетті.
Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз