Атырауда ерекше балалар саны 955-ке дейін артты
Atr.kz/6 қаңтар, 2020 жыл. Ерекше балалар қоғамнан тыс қалмай, ортада тәрбиеленіп, олар да толық білім алуы тиіс. Облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Анар Қаюповамен сұхбат осы мәселе төңірегінде өрбіді.
– Анар Маратқызы, бүгінде облыста ерекше балалармен жұмыс қалай жүргізілуде?
– Елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бүлдіршіндер үш жастан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда, жеті-он жастан бастауыш және негізгі орта білім мекемелерінде тәрбие мен білім алады. 2019-2020 оқу жылында 6962 ерекше білімді қажет ететін бала анықталды. Олардың ішінде 4787-сі мектеп жасында болса, мектепке дейінгі жастағыларының саны – 2175.
Бұл көрсеткіштер алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 955 балаға артты. Ерекше балалардың басым бөлігін аутистік спектрі бұз ылған бүлдіршіндер құрайды. Олардың саны – 109. Біз бұл балаларды қоғамнан алыстатпай, күнделікті ортаға бейімдеуіміз қажет. Осы орайда аймақта арнайы білім беретін үш мектеп-интернат жұмыс жасайды. Мұнда 339 бала білім алады.
– Ал, жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптардың жұмысы туралы білсек…
– Жалпы орта білім беретін мектептерде арнайы сыныптар ашылған. Облыс бойынша 32 білім ордасындағы мұндай сыныптарда 547 бала осы оқу жүйесімен қамтылған.
Сонымен қатар, үйден оқытылатын 454 бала бар. Олар үшін қажетті компьютер, басқа да техникалық құралжабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары қала, аудандарда толығымен жүзеге асырылмай келеді.
Колледждерде білім алушылар саны 47 болса, 11 бала денсаулығына байланысты басқа облыстарда оқиды.
Ал, 380 бала уақытша және денсаулығына байланысты мүлде оқымайды. Білім берумен қамтылмай отырғаны – 89.
Инклюзивті білім беретін, соның ішінде аутистік спектрі бұзылған балалар үшін Атырау қаласында төрт жалпы білім беретін мектепте инклюзивті кабинет ашылды.
– Инклюзивті кабинеттердің жай-күйі, оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстары қандай деңгейде?
– Кабинет барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Бүгінгі басты жаңа л ы қ , «Білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасына» инклюзивті білім беруді дамыту индикаторлары қосылды. Бұл ретте 2020 жылы – 180, 2021 жылы – 185, 2022 жылы – 187, 2023 жылы – 189, 2024 – 195, 2025 жылы 200 мектепте жағдай жасалады деп жоспарланды.
Мектептерде кедергісіз орта қалыптастыруда пандус, белгілердің стандартқа сәйкес болуында, арбамен жүретін балаларға жағдай жасауда қалалық, аудандық білім бөлімдері бірқатар жұмысты жүзеге асыруда. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектептер арнайы оқу-әдістемелік құралдармен, жүз пайыз оқулықтармен, жаңа арнайы пән және модификациялық кабинеттермен, емдеусауықтыру бөлмелерінің құрал — жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Арнайы мектеп-интернатта жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтар биылғы оқу жылында толығымен алынды. Көрмейтін балаларға арналған Брайль жүйесіндегі және зерде бұзылыстары бар, нашар көретін балаларға арналған кітаптар, логопедтердің жеке жұмыс дәптерлері, әдістемелік нұсқаулығымен логопедиялық альбом секілді барлығы 700 оқулықпен қамтылған. Тіл мүкістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты да оқулықтармен және жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталды. Көмекші мектеп-интернат жаңартылған бағдарлама бойынша «Алматы кітап» баспасы арнайы мектептер үшін оқулықтармен, д ә п т е р л е р м е н т о л ы қ қамтамасыз етті.
– Аталмыш білім беру жүйесінде арнайы мамандардың рөлі зор. Осы орайда саланы кадрмен қамту жұмыстары қалай жүргізілуде?
– Облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытатын арнайы педагог мамандар – дефектолог, логопед, тифлопедагог, сурдопедагог қызмет етеді. Жоғары оқу орындарында 173 студент дайындалуда. Биылғы оқу жылындағы қала, аудандардағы мектепке дейінгі және орта мектептердегі білім беру ұйымдарында дефектолог, логопед штаттарын ашу мүмкіндігін қарастыру туралы әкімдіктерге жүктеліп, бұл жұмыс кезең-кезеңімен орындалуда. Мектептерде арнайы мамандар жетіспеген ж а ғ д а й д а и н к л ю з и в т і білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне тиімді жету үшін барлық қызмет о блыстағы түзете-дамыту бағытындағы психологиялықмедициналық-педагогикалық кеңестермен, психологиялықп е д а г о г и к а л ы қ т ү з е у кабинеттерімен, бала — лар денсаулығын оңалту о р т а л ы ғ ы м е н б і р і г і п ұйымдастырылады.
Білім беру басқармасының м е м л е к е т т і к ә л е у м е т т і к тапсырысының негізінде 2018 жылы ерекше білімді қажет ететін балаларды дамыту мақсатында «Жалпы білім беретін мектептердегі ерекше білімді қажет ететін б а л а л а р д ы т ь ю т о р л ы қ сүйемелдеу» жобасының кезеңдік жоспарына сәйкес 150 мұғалім біліктіліктерін а р т т ы р д ы , 2 0 1 9 ж ы л ы « А у т и к а л ы қ с п е к т р і бұзылған ерекше балалармен және ата-аналармен ж ұ м ы с ж ү р г і з у , о л а р д ы п с и х о л о г и я л ы қ қ о л д а у » ж о б а с ы б о й ы н ш а 9 0 мұғалім мен ата-аналардың б і л і к т і л і к т е р і н а р т т ы р у жұмыстары жүргізілуде.
–Дамудағы кемшіліктеріне қарамастан, кез келген бүлдіршін инклюзивті білім алуға құқылы. Мұның бала үшін тиімділігіне кеңінен тоқталсаңыз…
– Инклюзивті білім жүйесінің баланы қоғаммен жақындастыруда, тәртіпке бағындыруда, өзін ортада қалыптастыруда маңызы зор. Қоғамда барлық адамға тең қарау қажеттілігі қалыптасады. Шет елдерде аутизм туралы ашық айтылады. Олар кімді болмасын, сол қалпы қабылдайды.
Ал, Италияда е р е к ш е балалардың 99 пайызы осындай білім беру жүйесіне қол жеткізген. Қалған бір пайызы мүлдем естімейтіндер мен сөйлей алмайтындар болса керек. Сол секілді біз де балалардың бәрі жазықсыз, бейкүнә екенін ұмытпауымыз қажет. Олардың осылайша ерекше болуы – олардың тағдыры ғана. Олай болса, сәбилердің бақыты үшін қоғам болып қол созған жөн.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА