Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда енгізілген коменданттық сағатқа орай, күнделікті рейд жүргізілуде

«8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түні Атырауда түнгі мезгілде жұмыс істеп тұрған үш азық-түлік дүкенінің жұмысы тоқтатылды» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

​ Дүкендерге ауызша ескерту беріліп, елімізде жарияланған төтенше жағдай, коменданттық уақыт кезіндегі бизнес нысандарының жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді.

Рейд барысында түнгі 23.00-ден кейін жұмысын жалғастырған кафе, мейрамхана, клубтар анықталған жоқ.

Еске сала кетелік, Атырауда 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін сағат 23.00 мен 7.00 аралығында коменданттық сағат енгізілді. Бұл аралықта мобильдік топ күнделікті рейд жүргізуде. Рейд барысында мейрамхана, диско-бар, азық-түлік дүкендері, алкомаркеттер жұмысымен бірге, автокөліктер тексерілуде. Атап өту керек, төтенше жағдай кезінде алкогольді ішімдіктердің барлық түрін сатуға тыйым салынды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button