268 көшеге – жаңа жол

1540959571 article b 1500 Жаңалықтар

Тұрғындарды жылдар бойы мазалаған мәселе шешімін тауып жатыр. Биыл облыс орталығында 268 көшеге тас жол төселді. Оның ұзындығы 200,9 шақырымды құрайды. Жауапты мекеме басшылары «бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасады» дейді.

1540959571_article_b_1500_

Атырау қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты бойынша, өткен жылы жол құрылысы басталып, ауыспалы нысан бойынша қала аумағына қарасты елді мекендердегі 146 көшеге (ұзындығы 106,9 шақырымды құрайды) тас жол төселді. Қара балшықтан арылған ықшамаудандардың арасында «Жұлдыз-1,2», Дамбы, Бірлік, Геолог, Талғайраң, Мұнайшы, «Жұлдыз-3» пен Көкарна ауылдары бар.
Биыл қала бойынша қосымша ұзындығы 193,5 шақырымды құрайтын 226 көшеге (Ақжар-2, Ақсай-2, Атырау-1, Жаңаталап-1, Еркінқала-2, Водников-2, Томарлы-2, Бірлік-2, Дамбы-2, Тасқала-3 елді мекендері) автокөлік жолдары құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталды. Осының ішінде жалпы ұзындығы 94 шақырымды құрайтын 122 көшенің (7 елді мекенге Ақжар-2, Атырау-1, Жаңаталап-1, Еркінқала-2, Водников-2, Томарлы-2, Бірлік-2 елді мекендері жатады) тас жол төсеу жұмыстары жүргізілді.

Жол салу көп қаражатты қажет етеді. Оған жергілікті бюджеттен бағытталған қаржының көлемі жеткіліксіз болған еді. Сондықтан, «Атырауинжстрой» ЖШС өз қаражатымен жалпы ұзындығы 37,5 шақырымды құрайтын 58 көшеге (Ақжар-2, Атырау-1, Жаңаталап-1, Еркінқала-2, Водников-2, Томарлы-2, Бірлік-2 елді мекендері) толықтай асфальт жабындысын, жалпы ұзындығы 56,5 шақырымды құрайтын 64 көшеге асфальт жабындысының төменгі қабатын төсеп берді.
Ерекше атап айтар тұс, қалада жұртшылықтың талап-тілегіне байланысты жаяу жүргіншілер жолы да қатар салынып жатыр. Бұл халыққа қолайлы жағдай туғызады, әрі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Биыл облыс орталығына қарасты елді мекендердегі ұзындығы 18,1 шақырымды құрайтын 13 көшеге жаяу жүргінші жолы төселді. Қалған жұмыстар келесі жылы жалғасын табады. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 99,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге тас жол төсеу жоспарлануда. Ал, Баймұханов, Тайманов, Владимирский көшелері қайта жаңғыртудан өткізілді. Сондай-ақ, қаладағы басты 11 көшені (Маденов, С.Датов, Құрманғазы, Бейбарыс, Ғабдиев, Азаттық, Амандосов, Ғұмаров, Әуезов, Уәлиханов және Гагарин көшелері) қайта жаңғыртудан өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттары дайындалып жатыр.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз