Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда ең көп зардап шеккен бизнес субъектілері арасында сауалнама жүргізілді

Atr.kz/14 тамыз, 2020 жыл. Сауалнама сауда, қоғамдық тамақтану орындары, сауда-ойын-сауық орталықтары және сол сияқты т.б. ең көп зардап шеккен бизнес субъектілері арасында жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифингте Атырау облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Абдулла Идресов мәлім етті.

  • Атырау облысы бойынша барлығы 18 705 бизнес субъектісі бар. Бүгінгі таңда өңір бойынша зардап шеккен 3 мыңға жуық кәсіпкерден сауалнама алынды. Сауалнамаға сәйкес, кәсіпкерлердің 40% — ы қызметкерлерін қысқартқан, 34% дағдарыс жағдайында және 54% — да табыс айтарлықтай төмендеген.

Айта кету керек, елімізде кәсіпкерлікті қолдау үшін кешенді шаралар әзірленуде. ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету шарасы ретінде, неғұрлым зардап шеккен салаларда несиелер бойынша төлемдерді ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылады, — деді Абдулла Идресов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button