Атырауда ең арзан азық-түлік қайда сатылатыны анықталды
Қазіргідей бір жағынан қымбатшылық қыспаққа алып, екіншіден, қауіпті індет елді жайлаған күрделі кезеңде əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстап, тұрақтандырудың маңызы зор.
Осы орайда, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Мейрамбек Аухадиеатің мəлімдеуінше, бұл мақсатта жергілікті мəслихат депутаттарынан, кəсіпкерлік палатасы мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау құрылымдарының өкілдерінен құрылған топ жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отырады.
Осылайша, күні бүгнге дейін кəсіпкерлер, тауар өндірушілер мен ірі сауда орындары арасында 196 меморандум жасақталып, қол қойылған.
Бұлардың 134-і жеке кəсіпкер жəне 62-сі шаруа қожалығы болып табылады. Сайып келгенде, мұның өзі əлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бағасын тұрақты деңгейде ұстап, негізсіз өсіруіне жол бермейді. Осыған байланысты қазіргі уақытта Беларусь Республикасы, Астрахан облысы (Ресей Федерациясы) жəне еліміздің өзге өңірлері тауар өндірушілерімен келіссөздер жүргізілуде.
Биылғы жыл басынан бері өңірлік тұрақтандыру қорына жергілікті бюджеттен 777 млн.теңгеге жуық қаражат бөлініпті. Оның 755 млн.теңгесі айналым сызбасы арқылы кəсіпкерлік субъектілеріне қарызға берілген. Атап айтқанда, бұл соманың басым бөлігін немесе 555 млн.теңгесін «Идеал Маркет» ЖШС əлеуметтік маңызға ие 15 тауар түрін сатып алуға жұмсаса, қалған 200 млн.теңгесіне «Агрофеликс» ШҚ картоп пен көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етеді. Екіжақты жасалған меморандум талаптарына сай, тауарлар қаладағы «Дина»,»Көктем», «Насиха» жəне «Сарайшық» базарларында қолжетімді бағамен (нақтылай кетсек, картоп — 90, пияз — 81, қырыққабат — 81, сəбіз — 90 теңгеден сатылуда.
Салалық басқарма өкілінің айтуынша, бүгінде өңірлік тұрақтандыру қорының есебінде барлығы 105,9 тонна өнім сақтаулы болса, оның 75 тоннасын картоп, 15 тоннасын сəбіз, 12,9 тоннасын пияз жəне 3 тоннасын қырыққабат дақылы құрап отыр.
Дәулетқали АРУЕВ