Жол белгілері адасудың алдын алады

zhol belgi 1 Жаңалықтар

Қарлы боранда көліктердің бұзылып, жолаушылардың адасу оқиғалары өңірімізде жиі кездесетін жағдай.

zhol-belgi-1

Енді Қызылқоға ауданының жергілікті тәртіп сақшылары «Миялы – Индер», «Миялы – Мақат» бағытындағы дала жолдарына жолаушылардың адасып кетуі мен төтенше жағдайға ұшырауының алдын алу мақсатында арнайы жол белгілерін орнатып отыр. Бұл туралы «Қызылқоға» газетінің тілшілері хабарлайды. Бұған дейін 150 шақырымды алып жатқан дала жолында жақын маңда қай ауыл, қанша шақырым жерде тұрғандығын бағыттайтын ешқандай белгі болмаған еді.

Бұл Атырау облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Аян Дүйсенбаевтың Қызылқоға ауданына барған сапары кезінде жоғарыдағы мәселелерден туындаған тапсырмасы. Қазір, Жамбыл, Тасшағыл ауылдық округтері мен Индер ауданы арасындағы ұзақ жолдарға қойылған белгілер мал іздеген жоқшы мен жолға шыққан көліктердің бағыт сілтеушісіне айналып отыр.

Нұрбейбіт Нұғыманов

ATPress.kz сайтынан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз