COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырауда емханалар штаттық режимде жұмыс жасауда
Atr.kz/27 наурыз, 2020 жыл. Бүгінгі таңда Атыраудағы қалалық емханалар штаттық режимде жұмыс жасауда. COVID – 19 жұқтырғандардан анализ алған төрт мейірбике оқшауланды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, №2 емхананың 2 медициналық қызметкері және №3 емхананың осынша сала маманы оқшауланды. Бұл ақхалаттылардан арнайы тест алынып, оның қорытындысы алты сағаттың ішінде анықталады.
Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасы қалалық емханалардың карантинге жабылатындығы жөніндегі мәліметтің жалған екендігін ресми түрде хабарлайтын болады. Айта кету керек, жалған ақпарат таратушылар әкімшілік немесе қылмыстық жазаға тартылады.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ