Жаңалықтар

Атырауда екі күнде 3600 шаршы метр қар сыртқа шығарылды

Өңірде қар тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні қардың қалың түсуінен жолдарда қозғалыс қиындады. Дегенмен, көліктер мен жаяу жүргіншілердің қолайлылығы үшін қаланы қардан тазартуға арнайы мекеме бар күш-жігерін салуда.

Атырау қаласында таңертеңгі сағат 8.00-ден түскі сағат 13.00-ге дейін 10 мм мөлшерінде қар жауған. Қардың биіктігі 19 см.

Синоптиктердің хабарлауынша, мұндай қалың қар өңірде соңғы жеті жылда жаумаған. Осы ретте, «Спецавтобаза» ЖШС және жедел қызметтердің барлық күштері қаланы санитарлық тазарту жұмыстарына бағытталған. Ең алдымен, әлеуметтік маңызды нысандардың аумақтары – мектептер, ауруханалар, балабақшалар, жаяу жүргінші жолдары және қоғамдық көлік жүретін орталық жолдар мен көпірлер тазартылуда. Бұл жұмыстардан кейін қосалқы көшелер тазаланатын болады.

Қаладағы қар тазалау жұмысына 40 техника, 250 қызметкер жұмылдырылды. Олар: 8 трактор, 22 самосвал, 7 жүктиегіш, 3 топырақ шашатын арнайы көлік. Сонымен қатар, жекеменшік мекемелер мен ірі кәсіпорындар тарапынан техникалар да жұмылдырылуда.

Айта кетейік, 6 ақпанға дейін 3060 шаршы метр қар қала сыртына шығарылып, 85 тонна реагент себілді. Жұмыстар алдағы күндері қарқынды жалғасатын болады.

Қала әкімі арнайы штаб отырысын өткізіп, жұмысты күшейту, қосымша техника тарту жөнінде жұмысты пысықтады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button