Комиссия отырысында – келелі мәселелер

whatsapp image 2022 02 24 at 17.38.24 Қоғам

      «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтіп, күн тәртібіне жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын субсидияландыру және партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтар өтініштерін қарау мәселелері қойылды.

     Комиссия төрайымы, депутат Нәсіп Шалабаева отырысты ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қашаннан баспана жәйінің өзекті екендігін, осы тығырықтан шығудың түрлі механизмін дайындау қажеттігін тиісті орындарға тапсырып келгені туралы айта келе: «Президент «қаражатты тек үй құрылысына ғана емес, жалдау ақысын субсидиялауға да бөлген жөн. Бұл жұмысты реттеуді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізінде құрылып жатқан «Отбасы банкіне» тапсырдым. Банк басшылығы тікелей жауапты болады» деген еді. «Отбасы банкі» мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне халықтың мемлекеттік қолдауға мұқтаж санаттарын анықтап, осы бағыттағы жұмыстарды аяқтауға ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін мерзім берді. Уақыт тығыз. Бұл мәселе біздің аймақта қалай жүзеге аспақшы?» – деп, комиссия мүшелері – осы мәселемен тікелей айналысып отырған депутаттарға сөз тізгінін берді.

     Отырыста «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры, депутат Нұрбол Құрман баспананы жалдау ақысын субсидиялаудың тетігі жайында егжей-тегжейлі түсіндіріп берсе, «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ақтолқын Ахметжанова өткен 2021 жыл ішінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Партияның бақылау комиссиясы отырысына барлық ауданның партия филиалдары онлайн қатысып, тиісті жерде ұсыныс-пікірлерін білдіріп отырды.

Лиза СЕЙТІМОВА

Суреттерді түсірген автор

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз