ЖаңалықтарҚоғам
Атырауда дизель отыны тегін берілетін болды
Аtr.kz/18 сәуір, 2019 жыл. Біз осыған дейін Атырауда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаған едік. Енді жанар-жағармай бекеттерінің қожайындары дизель отынын коммуналды техникаға тегін беретін болды.
Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің орынбасары, жедел штаб басшысы Шәкір Кейкин өткізген жиын барысында айтылды.
Еске сала кетелік, Атыраудағы нөсер жауынның соңы бүгін қарлы боранға ұласты. Қала тұрғындары су басқан көшелер туралы 8 (7122) 29 – 12 – 93, 8 (7122) 29-01-37 телефон нөмірлеріне және Телеграммдағы «Атырау облысы әкімдігі» чат-каналына хабарлама қалдыра алады.
Аман ШАМАР