Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда діни ағым өкілі тапаншамен ұсталды

Атырауда діни деструктивті ағым өкілінен қару-жарақ тәркіленді.

Атырауда деструктивті діни ағым жақтаушылардың бірінен қару-жарақ тәркіленді. Ер адам қаруды заңсыз сақтап, тасымалдаған.

– 31 жастағы азаматтан Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде серия нөмірі өшірілген ОСА травматикалық тапаншасы табылып, тәркіленді. Сараптама тағайындалды. Күдіктінің жеке басын анықтау барысында оның бұрын сотты болғандығы анықталды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button