ӨТКЕН КҮНДЕ БЕЛГІ КӨП

Жуырда Қазақстан Коммунистік Халық партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Пионер күні» аталып өтті. Ардагерлер бұрынғы пионерлік оқушы кездерін еске алды.

 

–  1922 жылғы 19 мамырда жалпыресейлік комсомол конференциясында пионер отрядтарын құру туралы шешім қабылданған еді. Бұл күн КСРО-да пионерияның құрылған күні ретінде аталып келді. Сөз жоқ, пионерлердің белсенділігі мықты болатын, – деген Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев бұрынғы пионерлерді құттықтап, сыйлықтар табыстады.

– Біздің кезімізде бүгінгідей компьютер, интернет болмаса да, балалық шағымыз  қызыққа, қуанышқа толы болатын. Мектепте пионер болдық, комсомол қатарына өттік. 19 мамыр біз үшін үлкен мереке еді. Барлығымыз қызыл галстук тағып, мерекелік іс – шараға қатысатынбыз. Түрлі сайыстар ұйымдастырылып, әндер шырқалып, алау жағылатын. Арада қаншама жылдар өтсе де бұл мереке біздерге ыстық болып қалады, – деп еске алады бұрынғы пионер вожатый Сәбилә Төрешова. Ал, кезінде комсомол жетекшісі болған Сәния Оразова сол уақытта жастардың үлкен қозғалысына жауапты болып, жазғы демалыста «Артек» лагеріне жолдама берген кездерін еске алды.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз