Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда дәріні ұрлаған күдікті ұсталды

Түзету мекемелерін күзету, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыскерлерді құрықтау кезінде Ұлттық ұлан жауынгерлеріне қызметтік иісшіл иттер көмектеседі. Оған жуырда Атырау қаласында қызметтік иттің көмегімен күдіктіні қолға түсірген дерек дәлел.

Сол күні кезекшілікте жүрген сарбаздардан оқиғаның мəн-жайын білдік. Əскери жасақ кезекшісі, лейтенант Дəурен Қожатай мен кинологмаман, кіші сержант Мақсат

Гакашиннің айтуынша, 25 қаңтар күнгі сағат 21:20 шамасында ұландықтарға дабыл түскен.

– Қаладағы Авангард шағынауданында орналасқан дəріханалардың бірінен белгісіз біреу 40 мың теңге көлемін құрайтын дəрі дəрмектерді алып, ақшасын төлемей ізін суытып кеткені туралы ақпарат түсті. Біз осы аймақта қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етіп жүргенбіз, дереу оқиға орнына жеттік. Болған мəн-жайды анықтап, полиция қызметкерлерімен бірлесіп күдікті қашып кеткен бағытқа қарай «Турбо» деген қызметтік итпен бірге із кестік. Иіс сезгіш төртаяқты көмекшіміз əлгі адамның ізіне түсіп, бізді И.Тайманов көшесіне қарай бағыттады. Аталған көшенің батысынан күдіктіні құрықтап, істі одан əрі тергеу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырдық, — дейді қоғамдық тəртіптің сарбаздары.

М.ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button