Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда алаяқтық жасады деген күдікпен прокурор ұсталды

Atr.kz/14 маусым, 2019 жыл. Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры ұсталды.

«Қатардағы жемқорлықты болдырмау бойынша жүргізілген жұмыс аясында Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесе отырып, 11 маусымда Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жасұлан Қаратауды ұстады. Ол қызмет бабын пайдалану жолымен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдікке ілінді» делінген хабарламада.

Сот санкциясымен Жасұлан Қаратауға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Іс бойынша қажетті тергеу жүргізілуде.

Дереккөз: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Related Articles

One Comment

  1. Атырауға қандай қатысы бар, Ақтаудың жігіті емеспе, сол жерде қылмыс жасап ұсталған деп жатырғо

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button