«Атырау жастары» бағдарламасымен отыздан астам жас баспаналы болды

triosnovnyhshagapodgotovkikzhareizasuhelastdayclub 1601912366 1675058780 Жаңалықтар

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова мәлім етті, деп хабарлайды atr.kz

«Атырау жастары» ипотекалық бағдарламасына жергілікті бюджет есебінен 1,0 млрд.теңге бөлінді. 5 пайыздық несие соммасымен Атырау қаласында 18 млн. теңгеге дейін, ал аудандарда 13 млн.теңгеге дейін қарыз беру қарастырылған. Бүгінгі күні 1000-ға жуық өтінім қабылданып, 100 жастың құжаттары мақұлданды, оның 31-і өз баспаналарына қол жеткізді. Бағдарлама аясында жалпы 100-ге жуық жас маман баспанамен қамтылмақ», – деді Гүлнұр Сүйеуова.

Айта кетейік, өңірде алғаш рет өтіп отырған 35 жасқа дейінгі жастарды тұрғын үймен қамту мақсатындағы «Атырау жастары» ипотекалық бағдарламасы 1 ақпаннан бастап жұмыс жасауда.

Нұргүл Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз