Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда дала түн ішінде отқа оранды

Аtr.kz/16 маусым, 2020 жыл. Исатай ауданы, Аққыстау ауылынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан Қамысқала ауылына қарасты «Айсақұдық» елді мекенінде дала өрті болып жатырғаны жөнінде хабар түсті.

Дала өртін сөндіруге 25 адам оның ішінде 8 – ерікті өрт сөндіру жасағы, 17 – жергілікті тұрғындар, 6 техника  қатысты.
Ерікті өрт сөндіру жасағы мен жергілікті тұрғындардың көмегімен өрт 16 маусым күні сағат 10:30-да толықтай жойылды. Жанған өрт аумағы шамамен 35-40 гектар, қашықтығы 15 шақырым жерді құрады.

Сөндірілген учаскілер: «Тұяқ қызыл», «Есенқара қоңыры», «Хасен», «Қоңырбай», «Айсақұдық», «Отау», «Қаштай», «Досқали».

Өрт қауіпті кезең кезінде қатаң тыйым салынады:
•ағаш құрылыстарға жақын учаске аумағында қоқыстар мен құрғақ шөптерді жағу;
•балалардың отпен ойнауына жол беру;
•қалың бұталарда, қылқан жапырақты жас шыбықтарда, ағаштардың түбінде, ағаш қоймаларының жанында от жағу;
•орман алқаптарында құрғақ шөптерді жағу;
•қамыс жағу;
•сөндірілмеген отты қалдыру.

Бұл қарапайым ережелерді сақтай отырып, тәртіп орнату ғана емес,сонымен қатар өзіңізді және өз мүліктеріңізді өрттен қорғай аласыз.Атырау қалалық Төтенще жағдайлар департаменті отты қолдануда сақ болуды ескертеді. Егер сіз өрт куәгері болсаңыз, дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.

«Атырау облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button