Атыраудың таланттары Алматы мен астанаға кетпесін десек…

kak vybratь professionala svoego dela Жаңалықтар

Атыраудың дарынды жастары Алматы мен ел астанасына кетпей, өскен өңірде өз қолтаңбаларын қалдыру үшін мықты жоғары оқу орындарының филиалдарын жергілікті жерден ашу қажет.

Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова осындай пікірде.

«Сәуірде12 шәкіртіміз стажировкаға жіберіледі. Он жылдан соң мықты мамандармен толығуымыз тиіс. Ресеймен қоса, Малайзияның университеттерінде де мұнай-газ және мұнай-химия секторына арналған заманауи зертханалар бар. Олармен бірлесіп «2+2″ бағдарламасын бастайтын боламыз. Одан әрі олардың филиалдарын аша аламыз. Ендеше, шетелдік үздік оқу орындарының филиалдарын аша отырып, біз дарынды жастарымызды өзімізде сақтап қала аламыз. Міне, осылайша, Президент айтқан Жаңа Қазақстанды құрамыз» дейді ол.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз