Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда дабыл сиренасы қосылады

Облыста 2024 жылғы республикалық командалық-штабтық «Қыс-2024» оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 21 қараша күні сағат 11:00-де дабыл сиреналары қосылады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін үйрету мақсатында ұйымдастырылады.

Бұл уақытта электр дабылы мен сөйлеу құрылғылары қысқа уақытқа іске қосылады. Теледидар мен радиоарналардың эфирі уақытша тоқтатылады.

Облыстың төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды дабыл кезінде сабыр сақтауға және бұл тексеру шаралары екенін ескеруге шақырады.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button