Бұл туралы онлайн брифингте Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ерболат Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Спикердің мәлімдеуінше, Атырау қаласында былтырғы жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй саны 2 есеге артқан.
«Атырау қаласы бойынша 2505 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде, Нұрсая ықшам ауданынан қолданысқа берілген 9 қатарлы 240 пәтерлік 1 тұрғын үй бар.
Ал, Талғайраңда салынып жатқан 70 пәтерлік 6 тұрғын үй құрылысы желтоқсан айында аяқталады, – дейді Ерболат Омаров.