Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда бүгін дауылды ескерту жарияланды

15 маусымда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

«Қазгидромет» Атырау филиалының деректеріне сәйкес, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел соғады. Күндіз 39 градус қатты ыстық сақталады.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

— күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз.

— алкогольді ішімдік ішпеңіз;

— сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;

— балаларды авто көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз;

— далада, тоғайда жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын, бықсыған шүберектерді тастамаңыз;

— майланған немесе бензин, керосин немесе өзге де жанғыш заттар сіңген сүрту материалдарын қалдырмаңыз.

Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сіздің өміріңізге қауіп төнгендей жағдай болса, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button