Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 2 мыңға жуық адам келді

Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағытында ең әуелі халықты, әсіресе жастарды жұмыспен қамту күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған реформаларында бұл міндетке баса назар аударылды. Қазір еңбек нарығында жастардың үлесі артып келеді. Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдерге 2030 жылға қарай 3 миллион 300 мың адамды жұмысқа орналастыру туралы тапсырма да берілді. Оны жергілікті жерде жүйелі жүзеге асыру – маңызды мәселе. Кеше APEC PetroTechnic жоғары колледжінің оқу орталығында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің негізгі мақсаты да осы болды. Оған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова қатысты.

Облыс әкімдігінің қолдауымен Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жәрмеңкеге 30 жұмыс беруші қатысты. Жұмыссыз жастарға түрлі сала бойынша барлығы 200 жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеге барлығы 2 мыңға жуық адам келді. Азаматтар жұмыс беруші ұжымдардың өкілдерімен еркін әңгімелесіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Түйіндемелерін тапсырып, мамандығы бойынша қызметке тұруға қадамдар жасалды. Осындай мүмкіндікті пайдаланғандардың қатарында өзін Әлихан Айбаров деп таныстырған Атырау қаласының тұрғыны да бар.

– Мұнда бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің өтетінін әлеуметтік желі арқылы естіп, бизнес тренер бойынша жұмыс орнын іздеп келдім. Менің түйіндемем бойынша «Ренессанс» және «Infinity park» қонақ үйлері жұмысқа шақырды. Енді білек сыбанып, іске кірісу керек, — деді Ә.Айбаров.

odldold

Жәрмеңкеден жұмыс тапқандардың бірі – Азамат есімді жас жігіт. «Болашақ-Атырау», «Атырау жылу орталығы» ЖШС, «Infinity park» компанияларына түйіндеме тапсырған оны «Infinity park» жұмысқа шақырып, көптен бері жұмыссыз жүрген жанның көңіліне қуаныш ұялатты. Бос жұмыс орындарын ұсынғандардың қатарында «2 GIS – Atyrau» ЖШС бар. Серіктестіктің HRменеджері Елена Те компанияға шұғыл түрде «инженер-картограф» және «сату бойынша менеджер» мамандары қажет екенін айтты. Жалақысы да тым-тәуір, 200 мыңнан басталып, 500 мың теңгеге дейін жетеді.

– Қаланың электрон — ды анықтамалығы болып табылатын «2 GIS» мобильді қосымшасы қазір бәріне етене таныс. Мұнда барлық мекен-жайлар мен ғимараттар енгізілген. Халықаралық картографиялық компания 1999 жылдан бері қалалардың карталары бар электронды анықтамалықтарын жасақтап келеді. Бүгінде аудиториясында 50 миллионнан аса қолданушы бар. Компания Ресейдің көптеген қаласының және Қазақстан, Италия, Кипр, Чехия, Қырғыз Республикасы, Украинаның электронды анықтамаларын жасаған. Тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету үшін әр маман нәтижеге жұмыс жасайды. Бізде карьерлік өсу перспективалары да бар. Көңілді корпоративті кештер мен қызметкерлерге жайлы демалыс ұйымдастырылған. Осындай креативке толы мекемеге жауапкершілігі жоғары, белсенді жастарды шақырамыз, — деді Елена Алексеевна.

Аталған компанияда жұмыстың барлығы толық цифрландырылған. Жәрмеңкеге қатысқандардың түйіндемелері онлайн форматта «Instagram» және «WhatsApp» әлеуметтік желелерінде QR-код арқылы қабылданды. Жастардың қызығушылығы өте жоғары, бір сағаттың ішінде бірнеше адам түйіндемесін тапсырып үлгерді. Сала мамандары оларды іріктеп, ең мықтыларын әңгімелесуге шақыратынын айтты.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button