Қаламдастардың қамқоршысы

snimok 5 Жаңалықтар

Қазақстанның Құрметті журналисі, қоғам қайраткері, ұзақ жылдар бойы Қазақстан Журналистер одағының Атырау облыстық филиалына жетекшілік еткен Қуандық Батыров мерейлі 75 жасқа толды. Атырау облыстық «Бас редакторлар клубының» кезекті отырысында ардагер журналистке құрмет көрсетіліп, оның өнегелі өмір жолы туралы айтылды. Өрнекті ой өрбіген келелі кездесуге аға буын өкілдерімен қатар жастар да қатысты.

Қуандық Батырұлы Индер өлкесінде туып, алғашқы еңбек жолын аудандағы Амангелді а т ы н д а ғ ы к е ң ш а р д ы ң жұмысшысы болып бастаған. 1968 жылы халық депутаттары Индер аудандық Кеңесі атқару комитетінде нұсқаушы, ұйымдастыру нұсқау бөлімінің м е ң ге ру ш і с і , 1 9 7 6 ж ы л ы «Индер» аудандық газетінде бөлім меңгерушісі, газет редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. 1977 жылдан Новобогат аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, аудандық «Нарын таңы» газетінің бас редакторы лауазымына дейін көтеріліп, бар саналы ғұмырын облыстың баспасөз саласына арнады. «Каспий таңы», «Арчесть», «Сахара» газеттерінде редактор, бас редактор қызметтерін атқарды. Қазақстан Журналистер одағының Атырау облыстық филиалын 20 жылдан астам уақыт басқарып, қалам ұстаған қауымның əлеуметтік жағдайын жақсартуға, қоғамдағы абыройбеделін арттыруға атсалысты. Оның мəдениет саласы қызметкерлерінің кəсіподағын басқарған кезі де ел есінде қалды. Табысы аз сала қызметкерлерін əлеуметтік тұрғыдан көтермелеп, құқықтарын қорғай білді. Жиынға қатысқан ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қойшығұл Жылқышиев замандасы туралы өткен күннен естелік айтты. – Қуандық екеуміз қатар есейдік.

Ол Исатай ауданында қаламгерлік өмір жолын бастады. Қиын-қыстау кезеңде ə с і р е с е м ə д е н и е т с а л а с ы қызметкерлеріне көп көмегін тигізді. Махамбет атындағы қазақ драма театрын басқарып жүрген кезімде тығыз байланыста қызмет жасадық. Жылдар бойына баспанасыз жүрген көптеген қызметкерлерді тұрғын үй кезегіне тіркетіп, үйлі болуларына себепші болды. Сол кезде ол адамгершілікті бəрінен биік қоя білетін азамат ретінде танылды, – деді ол. А р д а г е р ж у р н а л и с т і ң қарапайымдылық, кісілік, кішіге жол нұсқай білетін ағалық қасиеттеріне тоқталған «АтырауАқпарат» ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев Қуандық Батырұлының үлкен жүректі адам екенін айтып, ұжым атынан құттықтады.

Басқосу барысында мерейтой иесіне «Бас редакто рл а р к л уб ы » қ о ғ а м д ы қ бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбайдың Алғыс хаты табысталып, сый-құрмет көрсетілді. Жиынға қатысқан ақын, профессор Қадыр Жүсіп, белгілі журналист, өлкетанушы Төлеген Жаңабай сынды қаламгерлер қауымы Қуандық Батыровтың Атырау журналистикасына қосқан үлесін, қоғамға сіңірген еңбегі жайында ой толғап, естеліктермен бөлісті.

Мəлике ҚУАНЫШЕВА

 Суретті түсірген: Əнуар ƏБІЛҒАЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз