Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

Атырауда болған қатты дауылдан зардап шеккен көпірді кім қалпына келтіреді? (+ФОТО)


 Аtr.kz/19 мамыр, 2020 жыл. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан Махамбет ауданындағы көпірдің бұзылған жерлерінің суретіне қатысты Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi түсініктеме берді, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Махамбет аудандык тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің хабарлауынша, Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысына сәйкес, Махамбет ауданы Жалғансай ауылдық округінде орналасқан, Жайық өзені арқылы өтетін ұзындығы 8030 метр көпір өткелінің құрылысы 2018 жылы аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Құрылысын жүргізген – бас мердігер мекеме «Атырауинжстрой» ЖШС.

whatsapp image 2020 05 18 at 20.43.04 1
whatsapp image 2020 05 18 at 20.43.03
whatsapp image 2020 05 18 at 20.43.04 2

17 мамырдағы нөсер жауын кесірінен аталған көпірдің бір жақ бетіндегі жаяу жүргінші жолы аумағында асфальт жабындысы тесіліп, сарқын су жиналып, ойыс пайда болды. Қазір «Атырауинжстрой» ЖШС мамандары зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Бес жылдық кепілдемесіне сәйкес, қысқа уақытта барлық ақауды қалыпқа келтіретін болады. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button