ӘКІМДЕРМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыстардың әкімдерімен кеңес өткізді»  деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кеңес барысында әкімдер Қазақстан Президентіне өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мен өздері атқарып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Мемлекет басшысы өңірлік деңгейде шешімін табуға тиіс бірқатар өзекті мәселелерді айқындап берді.

Қазақстан Президенті жиын-терін науқанына, сондай-ақ жылу беру маусымына жан-жақты дайындық жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенаты депутаттарын сайлауды лайықты деңгейде өткізу қажеттігін атап өтті. Қазақстан мен Ресейдің Атырауда өтетін алдағы өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысына да назар аударылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз