«Кез-келген мәселе заң аясында шешілуі тиіс»

screenshot 20220708 183606 Қоғам

Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Алмалы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен аймақ басшысы округте жасалып жатқан жұмыстар жайында ақпарат беріп баяндама жасады.

Облыс әкімі баяндамадан соң ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Алмалылықтардың басым бөлігі жол азабын көп көргенін айтып, әлеуметтік мәселелерді қоса көтерді.

Аймақ басшысы тұрғындар жолдаған сауалдар заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

  • — Кез-келген сұрақ әділдік принципі аясында шешілуі керек. Бәріміз заңға бағынамыз. Ал заң үстемдігі – әрқайсысымызға бірдей. Сондықтан көтерілген сұрақтар заң аясында өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешіледі,-деді Серік Шәпкенов.

Сонымен қатар облыс басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Атырау облысы әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуі Алмалы ауылдық округінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз