big d20c917d890323d5c178f8a8e35db31f

Ақтөбелік тұрғын жауын құрт өсіріп кәсіп жасап отыр

Жаңалықтар

 Atr.kz/25 желтоқсан, 2019 жыл.  Көршілес Ақтөбеде Гайк Тертерян есімді адам сондағы Алға ауданының Бестамақ ауылынан кәдімгі құрт өсіретін ферма ашыпты.

Қазір шаруашылығында 3 млн. шамасында жәндік жинақталыпты. Енді оны жүз миллионға жеткізу жоспарланған. Ал, енді осы құрттар неге керек? Қандай кәдеге асады? Әдетте органикалық заттардың әбден шіру үдересі ұзаққа созылады.

Ал, жауын құрттары бұл жайды бірнеше есе қысқартады. Сөйтіп, шапшаң шіріген кәдімгі қара қи мен таза тезек тез арада аса бағалы тыңайтқышқа айналатын көрінеді. Тіпті екі аптада 300-350 келідей дайындауға болады екен. Кейінгі жылдары әлемнің бірнеше мемлекеті осы тәсілді тиімді қолданып келеді.

Мәселен, бұл Батыс пен Шығыс Еуропада, Америка Құрама Штаттарында, Жапонияда, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде кең тараған. Сөйтіп, егін алқаптарында мол өнім алуға мүмкіндік туады. Ал, ТМД аясында ақтөбелік кәсіпкер тәрізді жанкешті аз ғана.

Демек, оның әдісіне қызығушылық көп. Осыны бізде де кәдеге асыруға бола ма? Мамандармен тілдесіп көргенімізде, айтарлықтай қиындығы жоғын айтқан. Бірақ, әзірге қолға алып жатқан ешкім жоқ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған