Атырауда биыл айыппұлы төленбеген 800-ден астам көлік арнаулы тұраққа жеткізілді
Атырауда биыл айыппұлы төленбеген 800-ден астам көлік арнаулы тұраққа жеткізілді.
Атырау қаласы аумағында жыл басынан айыппұлдарын төлемей жүрген көлік жүргізушілері анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес барлығы 800-ден астам (30 млн теңгеге жуық құрайтын айыппұлы бар) автокөлік арнаулы тұраққа қойылды. 7-30 маусым аралығында “Борышкер” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Іс-шара барысында 287 жүргізуші айыппұлдарын төлемей жүргендері үшін ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес көліктері арнаулы тұраққа қойылып, ал 400-ге жуық көлік иелерінің 16 млн теңгеден астам төленбеген айыппұлдары сол жерден төленіп, өндіріліп алынды.
Жүргізушілер назарына: Жолда жүру ережесі қағиды бойынша құқық бұзушылық жасағаннан кейін 7 күн ішінде айыппұлдың 50 пайызын төлеуге болады. ҚР ІІМ-нің тапсырмасы бойынша жол қозғалысын автоматты қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша “Қорғау – қауіпті жүргізуші” мобильді қосымша еңгізілді.
Атырау қаласы бойынша “Қорғау” көмегімен 2022 жылдың 8 мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін барлығы 7143 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталған.
Атап айтқанда:
– Сақтандыру полисын жасаудан жалтарып жүрген – 6525;
– Жалған мемлекеттік белгі орнатып, көлік құралын басқарған – 12;
-Көлік басқаруға құқығынан айырылған – 50;
Мемлекеттік белгісі жоқ күйде көлік құралын басқарған 14 көлік анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасақталды.
Сонымен қатар 1114 көлік жол жүрісі ережелерін бұзғандары үшін арнаулы тұраққа қойылды.