1511170274 2

Өткен жылы Атырау облысында 10 медициналық мекеме пайдалануға берілді

Жаңалықтар Медицина
9 / 100

Сонымен бірге, аймақта 10 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті.

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Мәселен, Құрманғазы ауданында 75 орындық орталық аурухана салынды. Облыстық кардиологиялық орталыққа 50 орындық жапсарлас ғимарат тұрғызылды. Атырау қаласында модульдік аурухана пайдалануға берілді. Бірқатар ауылдық елдімекендерде амбулаториялар іске қосылды.

Ауылдық елді мекендердің тұрғындарын қамту үшін 5 жылжымалы медициналық кешен жұмысын бастады. Былтыр жедел медициналық жәрдем қызметіне 46, осы жылдың басында 20 жаңа автокөлік берілді. Осылайша өңірдің аталған қызметі қажетті көлікпен 100 пайыз қамтылды.

Сондай ақ, өткен жылы халық алдындағы есебімде көтерілген мәселенің бірі Құлсары қаласында 75 орындық аурухана салу болатын. Аталған нысанның құрылысы басталды» деп нақтылады аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов. 

Атап өту керек, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған