
Атырауда бір топ нұротандықтар Елбасының алғысын алды
«Нұротандықтар ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттары сайлауында белсенділік танытқаны, «Nur Otan» партиясының жеңіске жеткені үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды» деп хабарлайды Atr.kz
Марапаттау бүгін түске дейін «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалында, түстен кейін облыстық филиалда өтті.
«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы Төрағасының орынбасары Арман Азаматов пен «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бейбіт Мырзағалиев түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген, сайлауалды науқанда белсенділік танытқан азаматтарға Елбасының Алғыс хатын табыстады. Олардың қатарында «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев те бар.

Жиынға қатысқан нұротандықтар өз пікірлерін ортаға салып, алдағы уақытта іске асырылуға тиіс партияның бағдарламаларын талқылады.




Фото: Ерлан АЛТЫБАЕВ