polimeraznaya cepnaya reakciya

Атырауда төртінші адам коронавирус жұқтырды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/28 наурыз, 2020 жыл. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 41 адам тіркелді. Қазіргі таңда 191 қазақстандық емделіп жатыр.

Атыраудағы төртінші науқас «Стамбул – Атырау» бағытындағы рейспен келген. Осыдан екі күн бұрын Түркиядан келген жолаушы 31 жастағы әйел адам болып шықты.

«Қазіргі таңда науқас толық оқшауланды. Ол №2 Атырау облыстық ауруханасында ем алып жатыр. Арнайы рейспен әкелінген өзге де 62 жолаушы мен экипаж мүшелері 14 күн бойына карантинде болады. Коронавирусқа жасалған тест теріс нәтиже көрсетті» делінген Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ресми мәліметте.

Елорда уақытымен таңғы сағат 10.05 тегі жағдайға сәйкес,

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 107 адам,

Алматы қаласында – 57 адам,

Қарағанды қаласында – 4 адам,

Жамбыл облысында -3 адам,

Атырау облысында – 4 адам,

Ақмола облысында – 5 адам,

Шымкент қаласында – 2 адам,

Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам,

Алматы облысында – 2 адам,

Ақтөбе облысында – 1 адам,

Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам,

Павлодар облысында – 1 адам,

Маңғыстау облысында – 1 адам,

Қызылорда облысында – 1 адам, жалпы 191 науқас тіркелді» делінген ресми ақпаратта.

Еске сала кетелік, бүгінгі таңда аталмыш дертке шалдыққан 3 науқас жазылып шықты. Бір науқас көз жұмды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған