Атырауда бір топ мемлекеттік қызметші марапатталды

img 20210623 wa0101 Жаңалықтар

«Бүгін кәсіби мерекеге орай бір топ мемлекеттік қызметші марапатталды», – деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған іс-шарада облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің құттықтауын жеткізген орынбасары Бақытгүл Хаменова сөз сөйледі.

Одан кейін бір топ мемлекеттік қызметшіге «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің грамотасы, алғыс хаты мен аталған Агенттік төрағасының Алғыс хаты табыс етілді.


Сонымен қатар, біраз мемлекеттік қызметшіге Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты берілді.
Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметова арнайы марапатталды. Ол ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Әдеп жөніндегі уәкіл туралы жағымды қоғамдық пікір қалыптастыру және олардың қызметін жетілдіру мақсатында «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық конкурсының өңірлік деңгейде 2 орынға ие болған еді.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының және Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының міндетін атқарушы Руслан Тұңғышбаев мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап-тілектің жыл санап күшейіп келе жатқанын атап өтті.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хаты да өз иелерін тапты. Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз