Атырауда спортпен шұғылданушылар саны өскен

whatsapp image 2020 08 25 at 22.21.07 Жаңалықтар

Atr.kz/25 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысында 2018 жылы облыс халқының 31,6 пайызы спортты серік еткен болса, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 33,5 пайызға артқан.

Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимовтің сөзіне сілтеме жасап хабарлайды. Атырау облыстық мәслихатының 46 сессиясында  баяндама жасаған Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов облыста салынып жатқан спорт кешендерінің артуы арқасында спортпен шұғылданушылар саны өскенін мәлімдеді.  

«Бұқаралық спортты дамытудың алғашқы сатысы – балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту. Осы мақсатта облыс бойынша 17 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Оның бесеуі қалада, 12-сі ауылдық жерлерде қызмет көрсетеді. Онда спорттың 25 түрі бойынша 14006 бала шұғылдануда. Спорт саласында 1787 қызметкер еңбек етеді», – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.

Оның айтуынша, олимпиадалық резервте өңірде 158, ал жоғары спорт мектебінде 103 спортшы жаттығады. Өткен жылы ұлттық спорт пен бұқаралық спортты бірлестікте дамыту бағытында аймақта 1500 іс-шара ұйымдастырылған болса, биылғы пандемия жағдайындағы жарты жылдық қорытынды нәтижесінде 250 іс-шара өткізілген. 

Айта кетейік, ҚР ұлттық құрамасына Атырау облысы бойынша биылғы жылы 361 спортшы еніп отыр. 2019 жылы спорт саласын дамытуға облыстық бюджеттен бөлінген 6,1 миллиард теңге толықтай игерілді. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз