Атыраудың Құрманғазы ауданында биыл 4594 кг заңсыз балық тәркіленген

Изображение 009 1 Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша Атырау облысының Құрманғазы ауданында 2009 әкімшілік іс қозғалып, 4594 кг заңсыз балық тәркіленген. Бұл туралы Құрманғазы аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен аудан әкімдігінде «Балық және балық өнімдерінің заңсыз айналымы, браконьерлікке қарсы күрес және осы бағыттағы өзара іс-қимыл барысында туындаған өзекті мәселелер туралы» тақырыбында өткен ведомствоаралық мәжілісте Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитетінің аудандық бөлімшесінің басшысы Сансызбай Тоғаев мәлімдеді.

Изображение 009

Оның айтуынша, 2016 жылы 2007, биыл 2009 әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынған.

– Былтыр заңсыз балық аулаушылардан 3770 келі балық алынса, биыл ол 4594 келі болып отыр. 2 материал тексеру орындарына жіберілді. Бәрі соттан өтті. Былтыр су бойынан иесіз деп танылған 30 балық аулау құралы табылса, биыл 326-ға жетті. 2000 шақырымдай ау құралдары тәркіленді. Бұлар тыйым салынғандарға жатады, желкіден жасалған. Аулардың іштерінен 150 келідей балық алынды. Барлығы да ішкі істер бөліміне тапсырылды. Жанбай, Исатай, Забурын жақтан бермен қарай балық аулауға келіп жатқандарды естіген шығарсыздар. Ол жақта балық жоқ дейді. 10 инспекторымыз балық аулау-қабылдау пункттеріне бөлінді. Техника жағынан қамтылуымызға тоқталсам екі катеріміз, 2 моторымыз бар. Жақында жеке меншік қайықтарымызды пайдалануға да рұқсат етілді. Облысымызға жаңадан басшы келді. Бізге биыл техника беріледі деген үміттеміз, – деді Сансызбай Тоғаев мәжілісте.

Қанат ҒҰМАРОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз